Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 401 бұйрығы
Осы редакция 2026 ж. 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-2-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiліп отырған орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төмен мөлшерлемелері бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 22 маусымдағы
№ 401 бұйрыққа
қосымша
Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төмен мөлшерлемелері