«2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 16-1 шешімі (2025.18.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 16-1 шешімі

(2025.18.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025.12.03. № 17-1 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.01.08. № 19-1 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.26.08. № 20-1 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.11. № 21-2 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 469 014 562 мың теңге:

салықтық түсімдер - 130 591 801 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 7 705 146 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 36 055 мың теңге;

трансферттер түсімдері - 330 681 560 мың теңге;

2) шығындар - 470 487 259 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 36 262 120 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 51 809 919 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 15 547 799 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 37 734 817 мың теңге:

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 37 734 817 мың теңге:

қарыздар түсімі - 45 190 540 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 12 657 865 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 5 202 142 мың теңге.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.