«Қазақстан Республикасының Экология Кодексі» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI Кодексі (2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

 

254-бап. Жануарлардың санын реттеу кезіндегі экологиялық талаптар

1. Халық денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарлары ауруларын, қоршаған ортаға, шаруашылық және өзге де қызметке зиян келтіруді болғызбау мүддесінде жабайы жануарлардың жекелеген түрлерінің санын реттеуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады. Бұл шаралар жабайы жануарлардың мекендеу ортасын, биоәртүрлілікті сақтауды қамтамасыз ететін және қорғалатын түрлер мен олардың табиғи ареалдарына экологиялық залал келтіруге жол бермейтін тәсілдермен жүзеге асырылуға тиіс.

2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлардың санын реттеу қағидаларын жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

Балық ресурстарының және басқа да су жануарларының санын реттеу қағидаларын балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

 

2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 255-бап өзгертілді (2025 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

255-бап. Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар

Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу кезінде мынадай экологиялық талаптар қойылады:

1) өз қызметінің нәтижесінде жануарлардың мекендеу ортасының экологиялық жай-күйінің нашарлауына жол бермеу, өндірістік процестерді жүзеге асыру кезінде табиғатты қорғайтын технологияларды қолдану;

2) жабайы жануарлардың саны мен пайдаланылуын бастапқы есепке алуды жүргізу, олардың жай-күйін және аңшылық алқаптарының сипатын зерделеу, осы ақпаратты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға беру;

3) жануарларды аулаудың белгіленген қағидаларын, нормаларын, нормативтерін, лимиттері мен мерзімдерін сақтау;

4) бекітілген аумақтағы жануарлар дүниесі объектілерін, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін қорғауды жүзеге асыру;

5) жабайы жануарларды өсіруге, оның ішінде қолдан өсіруге, олардың мекендеу ортасын сақтауға және жақсартуға бағытталған кешенді іс-шараларды жүргізу;

6) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) аурулардың профилактикасы және олармен күрес жөніндегі кешенді іс-шараларды жүзеге асыру, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жануарлар ауруларының анықталуы, олардың мекендеу ортасы жай-күйінің нашарлауы, жануарлардың жойылып кету қатерінің төнуі және қырылу жағдайлары туралы дереу хабар беру;

8) жануарлар дүниесі объектілерінің жай-күйі және мекендеу жағдайлары нашарлаған, жануарлардың өсімін молайту қабілеті төмендеген және жойылып кету қатері төнген жағдайларда оларды пайдалануды өз бетінше тоқтату, жануарларға және олардың мекендеу ортасына жағымсыз ықпалды жою жөніндегі шараларды кейінге қалдырмай қабылдау.

«Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу кезінде осы баптың бірінші бөлігінің 1), 6) және 7) тармақшаларында көзделген экологиялық талаптар сақталуы қажет.

 

256-бап. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің тізбесі

1. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің тізбесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді және Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде континенттік қайраңда және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағында табиғи еркіндік жағдайында тұрақты түрде немесе уақытша құрлықта, суда, атмосферада және топырақта мекендейтін жануарлардың (омыртқалы және омыртқасыз) сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген, сондай-ақ табиғи мекендеу ортасында жойылып кеткен түрлерін (кіші түрлері, популяциясы) қамтиды.

2. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлеріне жатқызылған жануарлар мемлекеттік меншік болып табылады, ал еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірілетін және ұсталатын жануарлар мемлекеттік меншікте де, жеке меншікте де болуы мүмкін.

3. Жеке және заңды тұлғалар сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерге жатқызылған жануарларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен пайдалануға құқылы.

 

257-бап. Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін қорғау және өсімін молайту

1. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің қырылуына, санының қысқаруына немесе мекендеу ортасының бұзылуына алып келуі мүмкін әрекеттерге жол берілмейді.

2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жеке және заңды тұлғалар бекітіліп берілген аумақтар шегінде жануарларды қорғауды қамтамасыз етуге, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың өздеріне белгілі болған немесе анықталған қырылу жағдайлары туралы хабарлауға міндетті. Мұндай жағдайларды тергеп-тексеру тәртібін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган өз құзыреттері шегінде айқындайды.

3. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің жаппай аурулары, оларға дүлей зілзалалар кезінде және басқа да себептер салдарынан қырылу қатері төнген жағдайларда Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес көмек көрсетіледі.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айрықша жағдайларды қоспағанда, жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлеріне жатқызылған жануарлардың қырылуын болғызбау мақсатында оларды алуға тыйым салынады.

5. Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің өсімін молайту мақсатында:

1) табиғи өсімін молайту жағдайларын жақсарту;

2) қоныс аударту;

3) қолдан өсірілген жануарларды мекендеу ортасына жіберу жүргізілуі мүмкін.

2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген іс-шаралар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның биологиялық негіздемеге негізделген рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

7. Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін қорғау және олардың өсімін молайту үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылады, сондай-ақ осы аймақтардың шегінде жануарлар дүниесінің жай-күйіне жағымсыз ықпал ететін кез келген қызметке тыйым салына отырып, олардың айналасында қорғау аймақтары белгіленуі мүмкін.

8. Қызметті жоспарлау және жүзеге асыру кезінде жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің мекендеу ортасы мен көбею жағдайларын, миграция жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар әзірленуге тиіс, сондай-ақ бөлініп берілетін, осы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге қолсұғылмаушылық қамтамасыз етілуге тиіс.

 

258-бап. Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін пайдалану

2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Егер табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік және эстетикалық мақсатта пайдалану жануарларды мекендеу ортасынан алмай жүзеге асырылса, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган өз құзыреттері шегінде белгілі бір жерлерге және белгілі бір мерзімдерде баруға шектеу енгізуге құқылы. Көрсетілген шектеулер туралы мәліметтер аудандық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, ал тиісті жерлерде арнайы ескерту қалқандары орнатылады.

2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстауға және өсіруге мүдделі жеке және заңды тұлғалар қолдан өсіру жолымен алынған жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің мекендеу ортасынан алынған санына сәйкес келетін дара нұсқаларын белгіленген мерзімдерде мекендеу ортасына жіберуге міндетті. Жануарларды жіберу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның өз құзыреттері шегінде лауазымды адамдарының қатысуымен акт бойынша жүзеге асырылады.

 

259-бап. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін, сондай-ақ Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосымшаға енгізілген түрлерді еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру

1. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлері, сондай-ақ Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосымшаға енгізілген түрлер еріксіз (торларда және вольерлерде ұстау) және жартылай ерікті (табиғи мекендеу ортасына жақын жағдайлары бар парктерде және басқа учаскелерде ұстау) жағдайларда қолдан өсірілуі мүмкін.

2. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін, сондай-ақ Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосымшаға енгізілген түрлерді еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстауына және өсіруіне олар мынадай талаптарды сақтаған:

1) белгіленген тәртіппен бөліп берілген, вольерлермен, торлармен және басқа да құрылысжайлармен жабдықталған учаскені немесе үй-жайды қоса алғанда, жануарларды ұстауға арналған жағдайлар болған;

2) зоотехникалық, ветеринариялық және санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралар қажетті көлемде орындалған;

3) зоологиялық, зоотехникалық және ветеринариялық бейінді мамандар, жануарларды еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда ұстау дағдылары бар өзге тұлғалар болған;

2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның рұқсаты болған кезде рұқсат етіледі.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін, сондай-ақ Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосымшаға енгізілген түрлерді еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстауға және өсіруге берілген рұқсатта орындалуы міндетті талаптар көрсетіледі. Егер жеке және заңды тұлғалар рұқсат шарттарын орындамаса, алты ай ішінде екі ескертуден кейін рұқсат кері қайтарылып алынуы немесе оның күші жойылуы мүмкін.

4. Арнайы зоологиялық питомниктерде жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру осы питомниктер туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

5. Сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерге, сондай-ақ Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосымшаға енгізілген түрлерге жатқызылған және еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлардың иелері осы жануарларға алынбайтын сақина тағуға немесе оларды таңбалауды жүргізуге және оларға паспорттары болуға міндетті.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Сирек кездесетін жəне жойылып кету қатері төнген түрлерге жатқызылған жануарларды еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда ұстайтын жеке жəне заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының шегінде осы жануарларды сатып алуға, өткізуге жəне айырбастауға құқығы бар.

Мəміле жасалған жағдайда жеке жəне заңды тұлғалар бес жұмыс күні ішінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы уəкілетті мемлекеттік органға немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға жасалған мәміле туралы хабарламаны олардың құзыреттері шегінде жіберуге міндетті.

Хабарлама тиісті мəміленің күні мен нөмірі көрсетіле отырып, жазбаша түрде жіберіледі.

7. Меншігінде сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерге, сондай-ақ Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосымшаға енгізілген түрлерге жатқызылған, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлар бар жеке және заңды тұлғалар оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен халықаралық сауда мақсатында пайдалануы мүмкін.

8. Егер еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірілетін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің халықаралық саудасы мемлекетке экологиялық және (немесе) экономикалық залал келтіруі мүмкін болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі мұндай саудаға шектеур енгізуге құқылы.

 

 

17-тарау. ОРМАНДАРДЫ ҚОРҒАУ

 

260-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтырған және орман өсiрген кезде мемлекеттiк орман қорының учаскелерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтыру және орман өсiру кезінде мемлекеттік орман қорының учаскелерін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

261-бап. Орман иелеріне және (немесе) орман пайдаланушыларға пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

1. Ауыл және орман шаруашылығын кешенді жүргізу үшін орман иелерінің және (немесе) орман пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануына берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш және бұта өсімдіктерін күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану Қазақстан Республикасы Орман кодексінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

2. Мемлекеттік орман қорының учаскелері пайдалануына берілген орман иелері және (немесе) орман пайдаланушылар оларда орман орналастыруды жүргізуге және Қазақстан Республикасының Орман кодексінде белгіленген тәртіппен орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізуге қатысуға міндетті.

3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ағаш және бұта өсiмдiктерiнiң жай-күйiн, күзетiлуiн, қорғалуын, молықтырылуын және пайдаланылуын бақылауды орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

 

262-бап. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, осындай учаскелерді пайдалану, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру кезiндегi экологиялық талаптар

1. Басқа меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелері арасында орналасқан мемлекеттік орман қоры учаскелерін күзетуді, қорғауды, пайдалануды, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыруды жүзеге асыру үшін мемлекеттік орман иеленушілердің Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен бөтен жер учаскесін шектеулі мақсатты пайдалануға (сервитут) құқығы бар.

2. Табиғи өсiп шығатын ормандарды сыртқы қолайсыз әсер етулерден қорғау үшiн басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерi шекараларының бойымен енi жиырма метр болатын күзет аймақтары белгiленедi.

3. Күзет аймағы шегiнде мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде ормандардың жай-күйiне жағымсыз әсер ететiн қызметке тыйым салынады.

 

263-бап. Темiржолдардың, автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральдық құбыржолдардың және басқа да желiлiк құрылысжайлардың бөлiнген белдеулеріндегi қорғаныштық екпелердi күзету, қорғау және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

1. Темiржолдардың, автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральдық құбыржолдардың және басқа да желiлiк құрылысжайлардың бөлiнген белдеулерінде орналасқан қорғаныштық екпелер осы объектiлердi қолайсыз табиғи құбылыстардан қорғауға, қоршаған ортаның ластануын болғызбауға, шудың әсер етуiн азайтуға арналған.

2. Темiржолдардың, автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральдық құбыржолдардың және басқа да желiлiк құрылысжайлардың бөлінген белдеулерінде орналасқан, қорғаныштық екпелер бар учаскелерде орманды күтiп-баптау мақсатында кесуге, санитариялық мақсатта кесуге, бағалылығы төмен екпелердi, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларын жоғалта бастаған екпелердi реконструкциялауға байланысты кесуге және қорғаныштық екпелерді жасау жобаларына сәйкес өзге де мақсатта кесуге жол берiледi.

3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қорғаныштық екпелердi күзетудi, қорғауды және пайдалануды өздерінің жерлерінде осы екпелер орналасқан жер пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес жүзеге асырады.

 

264-бап. Қалалық және ауылдық қоныстардың жасыл қорын қорғау

1. Қалалық және ауылдық қоныстардың жасыл қоры орман екпелері мен өзге де екпелер орналасқан аумақтардың жиынтығын білдіреді.

2. Қалалық және ауылдық қоныстардың жасыл қорын қорғау жасыл қорды сақтау мен дамытуды қамтамасыз ететін және экологиялық ахуалды қалыпқа келтіру және қолайлы қоршаған орта жасау үшін қажетті іс-шаралар жүйесін көздейді.

3. Жасыл қордың құрамындағы аумақтарда көрсетілген аумақтарға жағымсыз әсер ететін және олардың экологиялық, санитариялық-гигиеналық және рекреациялық мақсаттағы функцияларды жүзеге асыруына кедергі келтіретін қызметке тыйым салынады.

4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген аумақтарда ормандарды күзету, қорғау және молықтыру, орман өсіру Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

265-бап. Жасыл белдеулерде орналасқан табиғи объектілерді ерекше қорғау режимі

1. Жасыл белдеулерде орналасқан табиғи объектілерді ерекше қорғау мақсатында қызметтің шектеулі режимі белгіленеді.

2. Жасыл белдеулердегі қызметтің шектеулі режимі:

1) жасыл белдеулерде орналасқан табиғи объектілер жай-күйінің қолайсыз өзгеруіне алып келмейтін қызмет түрлерін жүзеге асыру және технологияларды қолдану басымдығы;

2) әлеуметтік-экономикалық міндеттер мен жасыл белдеулерде орналасқан табиғи объектілерді ерекше қорғау міндеттерін шешудің теңгерімділігі қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Жасыл белдеулердің құрамына кіретін аумақтарда:

1) уытты химиялық препараттарды, пестицидтерді, агрохимикаттарды пайдалануға;

2) қауіпті қалдықтарды орналастыруға;

3) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес қауіпті өндірістік объектілерге жатқызылған, қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді орналастыруға;

4) минералдық сулар мен емдік балшықтар көздерін игеруді, басқа да табиғи емдік ресурстарды пайдалануды қоспағанда, пайдалы қазбалардың кен орындарын игеруге;

5) күрделі құрылыс объектілерін (гидротехникалық құрылысжайларды, байланыс желілерін, электр беру желілерін, құбыржолдарды, автомобиль жолдарын, теміржол желілерін, басқа да желілік объектілерді, көрсетілген объектілердің ажырамас технологиялық бөлігі болып табылатын ғимараттарды, құрылыстарды, құрылысжайларды, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру объектілерін, рекреациялық қызметті, туризмді жүзеге асыруға арналған объектілерді қоспағанда) құруға;

6) мал шаруашылығы және құс шаруашылығы кешендері мен фермаларын салуға, көң-қойма орнатуға;

7) мал қорымдарын орналастыруға;

8) улы химикаттар мен минералдық тыңайтқыштар қоймаларын орналастыруға тыйым салынады.

4. Бүлінген жерлерді рекультивациялау, жерлерді эрозиядан, су басудан, су жайылудан, батпақтанудан, қайтадан сортаңданудан, құрғаудан, қалдықтармен, химиялық заттармен ластанудан, зақымданудан және жасыл белдеулердегі басқа да жағымсыз әсер етуден қорғау басым тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Жасыл аймақтарды рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар ормандарда санитариялық қауіпсіздік шараларын орындауды және зиянды организмдердің ошақтарын жоюды, оның ішінде табиғи экологиялық жүйелердің тозуына, табиғи ресурстардың сарқылуына және қоршаған орта жай-күйінің өзге де жағымсыз өзгерістеріне алып келмейтін химиялық препараттарды қолдана отырып жоюды қамтиды.

6. Жасыл белдеулерде Қазақстан Республикасының орман заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, орман екпелерін және өзге де екпелерді жаппай кесуге тыйым салынады.

7. Орманды қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жасыл белдеулердің аумақтарында басым тәртіппен, бірақ тиісті орман екпелерін және өзге де екпелерді кесу жүргізілген кезден бастап бір жылдан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

8. Жасыл белдеулерде орналасқан ормандарды пайдалану, күзету, қорғау, молықтыру ерекшеліктерін орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

 

 

18-тарау. ӨСІМДІКТЕРДІҢ, ЖАНУАРЛАРДЫҢ, МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ ГЕНДІК ҚОРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

 

266-бап. Өсімдіктердің және табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін жануарлардың гендік қорын қорғау және молықтыру кезіндегі экологиялық талаптар

1. Қазақстан Республикасының құнды гендік қоры және ұлттық қазынасы болып табылатын өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін, жойылып кету қатері төнген, эндемиялық және реликтік түрлерінің қырылуына, популяциясының қысқаруына немесе мекендеу ортасының бұзылуына алып келуі мүмкін әрекеттерге жол берілмейді.

2. Құнды табиғи гендік қор объектілері - өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін, жойылып кету қатері төнген, эндемиялық және реликтік түрлерінің популяциясы, сондай-ақ селекцияда пайдаланылатын не болашақта селекция үшін әлеуетті ықтимал объектілер болып табылатын екпе өсімдіктердің және жануарлардың туыстастарын қоса алғанда, құнды агробиоәртүрлілік объектілері анықталған учаскелер заңнамада белгiленген тәртiппен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлеріне, генетикалық резерваттарға және айналасына табиғи ресурстарды пайдаланудың ерекше шарттары бар қорғалатын не буферлiк аймақтар белгiленетін басқа да қорғалатын объектiлерге бөлінуі мүмкін.

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі объектілері табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесіне енгізілуі мүмкін, ал олардың өсіп-өну және мекендеу учаскелері, шоғырлану және көбею орындары, миграция жолдары өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі объектілерінің сақталуын, осы учаскелерді пайдаланудың ерекше режимін қамтамасыз ететіндей қорғауда болуға тиіс.

Табиғи гендік қорды орналастыру учаскелерін карантиндік объектілер мен бөтен түрлерден қорғау қамтамасыз етілуге тиіс.

4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі объектілерін молықтыру және пайдалану аналық дара нұсқаларының сақталуын қамтамасыз ететін тәсілдермен жүзеге асырылуға және осы салада ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде, сондай-ақ генетикалық ресурстарға қатысы бар ғылымның тиісті жетістіктерін, практиканы және дәстүрлі білімді пайдалану кезінде қабылданған әдеп талаптарына сай келуге тиіс.

 

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 267-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

267-бап. Табиғи-ғылыми коллекциялар мен өсімдіктердің генетикалық ресурстары коллекцияларын күтіп-баптау және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар