«Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының санын реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 20 қазандағы № 378 бұйрығы

Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының санын реттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 20 қазандағы № 378 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Экология кодексі 254-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының санын реттеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

А. Сапаров

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

2025 жылғы 20 қазандағы

№ 378 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының санын реттеу

қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының санын реттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 254-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және балық ресурстары мен басқа да су жануарларының санын реттеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) биологиялық негіздеме - жануарлар дүниесін пайдалануға, жануарлар дүниесі объектілерінің жол берілетін аулау мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жануарлар дүниесінің объектілері мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабілетті қызметке арналған ғылыми негізделген қорытынды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.