Мемлекеттік қаржы статистикасы бойынша есепті жасау, уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы және ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 252 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 135-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қаржы статистикасы бойынша есепті жасау, уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы және ақпарат ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
3. Осы бұйрық 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиісті.