«Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 385 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 355 бұйрығы

 «Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 385 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 355 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17023 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген кен іздеушілікке арналған лицензия нысаны осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.