«Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 8 қарашадағы № 948 Қаулысы

Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 8 қарашадағы № 948 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 241-10-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2024 жылғы 8 қарашадағы

№ 948 қаулысымен

бекітілген

 

 

Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 241-10-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айрықша реттеу режимі шеңберінде енгізілетін қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) төлем қызметтеріне байланысты қаржы саласындағы қызметте инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерді қоспағанда, инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай анықтамалар пайдаланылады:

1) инновациялық жоба - инновациялық қызмет шеңберінде жүзеге асырылатын және жаңа немесе жетілдірілген өнімді немесе процесті жасауға және (немесе) енгізуге және оны тұтынушыға дейін жеткізуге бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.