Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажеттi көмек көрсететiн мамандандырылған қызметтердiң тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 14 мамырдағы № 450 Қаулысы
(2019.24.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 23 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажеттi көмек көрсететiн мамандандырылған қызметтердiң тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының