Қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жүріп-тұруы туралы ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы
(2022.30.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2020.31.03. № 274 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңның 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ішкі істер министрінің 2020.31.03. № 274 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса берілген Қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жүріп-тұруы туралы ақпаратты ұсыну қағидаларын бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Заң» деректер базасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;