«Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру, шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) көшіп келушілердің келу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиттік жол жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 274 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру, шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) көшіп келушілердің келу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиттік жол жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 13715 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 1 шілдеде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жүріп-тұруы туралы ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берілген Қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жүріп-тұруы туралы ақпаратты ұсыну қағидаларын бекітілсін.»;