«Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № 637 Қаулысы

«Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № 637 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Іс-қимыл жоспарын орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):

1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;

2) жартыжылдық негізде 5 шілдеге және 20 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жартыжылдық негізде 25 шілдеге және 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Іс-қимыл жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2025 жылғы 18 тамыздағы

№ 637 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 8 шілдедегі

№ 470 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың

2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі

іс-қимыл жоспары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.