«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» және «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 952 Қаулысы
(2022.15.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы оған «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.