Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің соңғы сатыдағы қарыздарды беру тетігінің қағидаттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 53 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің соңғы сатыдағы қарыздарды беру тетігінің қағидаттарын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің соңғы сатыдағы қарыздарды беру тетігінің қағидаттары бекітілсін.
2. Қаржылық тұрақтылық департаменті (Хәкімжанов С.Т.) осы қаулының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.