Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша
геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес туралы
(2017.14.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 20 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында кен-металлургия саласының, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану тұрақтылығы мен оларды тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңес туралы ереже;
2) Кеңестің құрамы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.