(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БЕЙБІТ УАҚЫТТА АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРІН...

Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қолдану қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 66 бұйрығы

(2015.20.10. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2016 жылғы 24 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 70-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қолдану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2015 жылғы 28 қаңтардағы

№ 66 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қолдану

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Бейбіт уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 70-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және бейбіт уақытта азаматтық қорғау іс-шараларын орындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін (бұдан әрі - азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері) қолдану тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.