(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ҚАҒ...

Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығы

(2018.27.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 202-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

2015 жылғы 10 наурыз

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 11 наурыздағы

№ 193 бұйрығымен бекітілген

 

 

Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 202-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.