(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ 2014.18.12 № 211 БҰЙРЫҒЫ

Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығы

 

Осы редакция 2015 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жылу энергиясын пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

2015 жылғы 9 қаңтар

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2014 жылғы 18 желтоқсандағы

№ 211 бұйрығымен бекітілген

 

 

Жылу энергиясын пайдалану

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жылу энергиясын пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 22) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.