Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларын жою және күші жойылды деп тану туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 42 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын және күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы М.Л.Тоқжановқа жүктелсін.
| Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы
№ 42 қаулысына
қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің жойылған және күші жойылды деп танылған қаулыларының
тізбесі