Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама нысанын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 453 бұйрығы
(2023.01.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2022.26.12. № 442 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2022.26.12. № 442 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2022.26.12. № 442 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысаны;
3) осы бұйрыққа 2-1-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама нысаны;
4) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау және беру қағидалары бекітілсін.