«Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 453 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 442 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14481 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама нысанын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысаны;
3) осы бұйрыққа 2-1-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама нысаны;
4) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау және беру қағидалары бекітілсін.»;