Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2010 жылғы 8 шілдедегі № 325 және «Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзу пішімін, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 37 бұйрығы
Осы редакция 2017 жылғы 1 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі № 325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6352 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 13 тамыздағы № 328-329 (26172) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік мекемелер қаржылық есептілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері белгілеген және олар қаржылық есептілікті беру күніне дейін мемлекеттік мекемелердің қаперіне жеткізген мерзімдерде ұсынады.
Қаржылық есептілік қағаз тасығышта кітапша түрінде беттері нөмірленіп, мазмұны көрсетіліп және электрондық түрде нысандардың толық көлемінде ұсынылады.
Олар үшін қаржылық есептілікті ұсыну күні болып почта кәсіпорнының штемпелінде немесе фельдъегерлік қызмет, бiрақ бюджеттік есептiлiктi ұсыну күнiне дейiн 5 күнтізбелік күннен кешiктiрмей көрсетілген оны жіберген күн есептелетін басқа тұрғылықты мекендерде орналасқан мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеме үшін қаржылық есептілікті ұсыну күні оны іс жүзінде тиесілігіне қарай табыс еткен күн болып есептеледі.
Есептiлiктi ұсыну үшін белгіленген мерзім демалыс күнге (жұмыс емес күнге) сәйкес келген жағдайда, қаржылық есептілік одан кейінгі бірінші жұмыс күнінде ұсынылады.