Әзірленетін базалық жобалау құжаттары және әзірлеуді талдау шеңберінде геологиялық модельдерге тәуелсіз сараптама жүргізу жөніндегі нормативтік техникалық құжат (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 294 бұйрығына 1-қосымша)

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

міндетін атқарушының

2024 жылғы 16 тамыздағы

№ 294 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Әзірленетін базалық жобалау құжаттары және әзірлеуді талдау шеңберінде геологиялық модельдерге

тәуелсіз сараптама жүргізу жөніндегі нормативтік

 техникалық құжат

 

 

1-тарау. Негізгі ережелер

 

1. Осы әзірленетін базалық жобалау құжаттары және әзірлеуді талдау шеңберінде геологиялық модельдерге тәуелсіз сараптама жүргізу жөніндегі нормативтік техникалық құжат Қазақстан Республикасы барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссиясының (бұдан әрі - БӘОК) қарауына ұсынылатын көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі әзірленетін базалық жобалау шеңберінде геологиялық модельдері ұсыну және сараптау процесін реттеу үшін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 62-бабының 2) тармақшасына сәйкес жасалды.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидалардың 81-тармағының 2) тармақшасына сәйкес (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 маусымда № 17131 болып тіркелген) 3 миллион тонна мұнайдан немесе 3 миллиард текше метрге дейін шикі газдан қоры шығарылатын қорлары кен орындары үшін көмірсутек шикізаты кен орындарының статикалық геологиялық модельдері салынса көмірсутек кен орындарын игеруге енгізуге рұқсат етіледі.

3. Базалық жобалау құжаты шеңберінде орындалған және есепті жасау күніне өзекті геологиялық модель цифрлық жеткізгіште не базалық жобалау құжатының есебімен бірге модель орындалған бағдарламалық қамтамасыз ету форматында және барлық қажетті қасиеттер мен параметрлер үшін ашық форматтарда файл алмасудың қорғалған желілері арқылы ҚР БӘОК беріледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.