Кәсіптік стандарт: «Құрылыс саласындағы жұмысшылар» (Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 163 бұйрығына 13-қосымша) (2026.22.11. берілген өзгерістермен)

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026.04.11. № 561 бұйрығымен Кәсіптік стандарт жаңа редакцияда (2026 ж. 22 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және

құрылыс министрінің

2023 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 163 бұйрығына

13-қосымша

 

 

Кәсіптік стандарт:
«Құрылыс саласындағы жұмысшылар»

(2026.22.11. берілген өзгерістермен)



1-ші тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: «Құрылыс саласындағы жұмысшылар» кәсіптік стандарты Қазақстан Республикасының «Кәсіптік біліктіліктер туралы» Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес және 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің талаптарын ескере отырып әзірленген, жұмыскерлердің кәсіптік қызметінің мазмұнына, білімдеріне, машықтарына және құзыреттеріне, білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, персоналды оқытуға, кәсіптік біліктіліктерді тануға және құрылыс саласында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда персоналды басқару саласындағы міндеттерді шешуге қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

1) құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісі - бекітілген құрылыс жобасына және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтік құжаттарға сәйкес құрылыстың аяқталғанын және құрылыс объектісінің пайдалануға толық әзірлігін растайтын құжат;

2) бетон - тұтқыр заттың, судың, ірі және ұсақ толтырғыштардың және қажет болған жағдайда әртүрлі химиялық және минералдық қоспалардың қоспасының қатаюы нәтижесінде алынған жасанды тас материал;

3) нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесі (мемлекеттік нормативтік құжаттар) - ережелері адамның өмір сүруі мен тіршілік етуіне қолайлы, қауіпсіз және басқа да қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілер, қала құрылысы және техникалық регламенттер, сондай-ақ нормативтік техникалық құжаттар жүйесі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.