«Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 11/2-VIII шешімі (2025.18.03. берілген өзгерістермен)

Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 11/2-VIII шешімі

(2025.18.03. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес Өскемен қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Шығыс Қазақстан облысының

жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламаларды үйлестіру басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

А. Мусинова

___________ 2023 жыл

 

Өскемен қалалық мәслихатының

2023 жылғы 2 қарашадағы

№ 11/2-VIII шешіміне

1-қосымша

 

 

Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2024.28.03. № 18/4-VIII шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.