«Оңтүстік Алтай» республикалық маңызы бар мемлекеттік кешенді табиғи қаумалының ауданын азайту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 69 Қаулысы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Оңтүстік Алтай» республикалық маңызы бар мемлекеттік кешенді табиғи қаумалының ауданы Шығыс Қазақстан облысының шегінде 1354,6 гектарға азайтылсын.
2. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: