Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 971 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 457 бұйрығымен күші жойылды
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 8 қазандағы
№ 971 бұйрықпен
бекітілген
Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының автокөлік құралдарына электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың шеңберінде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жүк жөнелтуші - оның атынан жүкті жөнелту ресімделетін жеке немесе заңды тұлға;