«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 10 наурыздағы № 1200 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 3 тамыздағы № 1387 Жарлығы (қолданысқа енген жоқ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 10 наурыздағы № 1200 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 10 наурыздағы № 1200 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы»;

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған Ведомствоаралық комиссия туралы ереже мен оның құрамы бекітілсін.»;

осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже»;

1 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) - мемлекеттік органдардың құқық бұзушылық профилактикасы және Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы (бұдан әрі - Тұжырымдама) іске асыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін, тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.