ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
(2026.01.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2026.03.08. № 1387 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 2026.03.08. № 1387 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
ҚР Президентінің 2026.03.08. № 1387 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қоса беріліп отырған Ведомствоаралық комиссия туралы ереже мен оның құрамы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 10 наурыз
№ 1200
Президентінің
2026 жылғы 10 наурыздағы
№ 1200 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
ҚР Президентінің 2026.03.08. № 1387 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық
қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Президентінің 2026.03.08. № 1387 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)