Анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексі 48-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4.. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2026 жылғы 28 мамырдағы
№ 261 бұйрығымен бекітілген
нысан
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды
20___ жылғы «___» __________№________
_____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
(Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі бақылау мен қадағалау органының атауы) Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 48-бабына сәйкес Сізге,
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының шетелдік қатысушылары жоқ заңды тұлғалары үшін - атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі,
________________________________________________________________________________