(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫНЫҢ МӨЛШЕРІН ЖӘНЕ АЛУШЫЛАР ...

Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін бекіту туралы
Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 426 шешімі

 

Осы редакция 2022 жылғы 27 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 бабының 3), 9), 11) тармақшаларына, «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген) сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесі 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы

Ж. Мұхтаров

 

Қалалық мәслихат хатшысы

Қ. Бексұлтанов

 

Қарағанды қалалық мәслихатының

2019 жылғы 23 тамыздағы

№ 426 шешіміне 1 қосымша

 

 

Тұрғын үй сертификатының мөлшері

 

1. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 (бір) миллион теңгеден артық емес.

2. Қарыз сомасынан 10 % дейін, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 (бір) миллион теңгеден артық емес.

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.