«Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын бекіту туралы»; Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 177 бұйрығы (2025.09.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 177 бұйрығы

(2025.09.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Туризм және спорт министрінің 2025.22.07. № 140 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Туризм және спорт министрінің 2025.22.07. № 140 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрі

2023 жылғы 11 шілдедегі

№ 177 бұйрығына

қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.