Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 4 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 11 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 7-бабы 14) тармақшасының алтыншы абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының міндетін атқарушы А.С. Умаровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.