Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 1413-VI ПМ Қаулысы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Регламентінің 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 1996 жылғы 8 ақпандағы Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламентіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 3, 213, 216-құжаттар; 2005 ж., № 16, 71-құжат; 2007 ж., № 22, 171-құжат; 2011 ж., № 19, 149-құжат) осы Қаулыға қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы Қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы |
Н. Нығматулин |
Парламенті Мәжілісінің
2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№1413-VI ПМ Қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламентіне
өзгерістер мен толықтырулар
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Парламент Мәжілісінің жалпы отырыстары ашық болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес интернет-ресурста онлайн режимде трансляциялануы мүмкін.
Осы Регламентте көзделген жағдайларда Палата жабық отырыстар өткізуге құқылы.»;
2) 5-тармақта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәжіліс немесе Мәжілістің Бюросы жалпы отырысты өткізудің өзге уақыты туралы шешім қабылдай алады.»;
жетінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Мәжіліс немесе Мәжілістің Бюросы өңірлерге шығудың өзге мерзімдері мен мерзімділігі туралы шешім қабылдай алады.»;
3) 6-4-тармақ алып тасталсын;
4) 7-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
5) 9-тармақта:
бірінші бөліктегі «отыз минутқа дейін, қосымша баяндамалар үшін -жиырма минутқа дейін, жарыссөзде сөз сөйлеу үшін - он минутқа дейін» деген сөздер «он бес минутқа дейін, қосымша баяндамалар үшін - он минутқа дейін, жарыссөзде сөз сөйлеу үшін - жеті минутқа дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;