Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 362 бұйрығы
(2024.30.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 151-НҚ бұйрығымен күші жойылды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024.15.07. № 310-НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 30 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 35-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн ішінде елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данадағы көшірмесін қоса бере отырып, электрондық тасығышта осы бұйрықтың көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын;
4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.