«Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 362 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 310-НҚ бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 151-НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12466 болып тіркелген) мынадай өзгерістертер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 35-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Комиссия өз қызметін «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының, 35-2) тармақшасына, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: