«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 10 қазандағы № 317 бұйрығы

«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 10 қазандағы № 317 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

««Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 9) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларында:

2-тармақтың 13) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«13) «migration.enbek.kz» көші-қон қызметтерін көрсетудің бірыңғай порталы - көшіп-қонушылардың есебі мен қозғалысын, сондай-ақ көші-қон саласында қызметтер ұсынудың мониторингін қамтамасыз ететін Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) цифрлық экожүйесінің кіші жүйесі;

14) «migration.enbek.kz» көші-қон қызметтерін көрсетудің бірыңғай порталының мобильді қосымшасы (бұдан әрі - мобильді қосымша) - ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған әрі ұялы байланыс, Интернет арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен функцияларға қол жеткізуді ұсынатын бағдарламалық өнім;»;

3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.