(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2015.27.02 № 144 БҰЙРЫҒЫ

Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 144 бұйрығы

 

Осы редакция 2015 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары осы бұйырыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) акциздік таңбаларының нысаны, мазмұны және қорғау элементтері осы бұйырыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3) есепке алу-бақылау таңбаларының нысаны, мазмұны және қорғау элементтері осы бұйырыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

Б. Сұлтанов

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрiнiң

2015 жылғы 27 ақпандағы

№ 144 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.