«Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін 2021 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 392 Қаулысы

Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін 2021 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 392 Қаулысы

 

«2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2020 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 35) тармақшасын және «2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін 2021 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы нысаналы трансферттерінің бекітілген сомаларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.

3. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 9 маусымдағы

№ 392 қаулысымен

бекітілген

 

 

Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.