Омартаның ветеринариялық паспортын беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 343 бұйрығы
«Бал ара шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Омартаның ветеринариялық паспортын беру қағидалары және оның нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2026 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 343 бұйрығымен бекітілген
Омартаның ветеринариялық паспортын беру
қағидалары және оның нысандары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Омартаның ветеринариялық паспортын беру қағидалары және оның нысандары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бал ара шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 15-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және омартаның ветеринариялық паспортын беру тәртібін және оның нысандарын айқындайды.
2. Омартаның ветеринариялық паспорты ведомстволық тиесілілігіне және меншік нысанына қарамастан омартаға беріледі.