Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 Қаулысы
(2015.12.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 6 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 212-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесі бекітілсін.
2. «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздарды шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 наурыздағы № 252 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 14, 133-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.