«Жылумен жабдықтау субъектілері мен жылу энергиясын тұтынушылардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 145-н/қ бұйрығы (2025.19.07. берілген өзгерістермен)

Жылумен жабдықтау субъектілері мен жылу энергиясын тұтынушылардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 145-н/қ бұйрығы

(2025.19.07. берілген өзгерістермен)

 

«Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жылумен жабдықтау субъектілері мен жылу энергиясын тұтынушылардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 30-тармақтың 5) тармақшасы мен 47-тармақтың 6) тармақшасын қоспағанда, 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономикасы министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрі

2025 жылғы 4 сәуірдегі

№ 145-н/қ бұйрығымен бекітілді

 

 

Жылумен жабдықтау субъектілері мен жылу энергиясын тұтынушылардың өзара іс-қимыл жасау

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.