«Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есепті құжаттамалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 347 бұйрығы (2022.20.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есепті құжаттамалардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 347 бұйрығы

(2022.20.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 168 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022.20.07. № 264 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020.24.12. № 534 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу туралы ай сайынғы есеп;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шартсыз ақшалай көмек түріндегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу туралы ай сайынғы есеп;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес шартты ақшалай көмек түріндегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу туралы ай сайынғы есеп;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес шартты ақшалай көмек түріндегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу туралы тоқсан сайынғы есеп;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес шартты ақшалай көмек түріндегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу туралы тоқсан сайынғы есеп;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес шартсыз ақшалай көмек түріндегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу туралы тоқсан сайынғы есеп;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған алушылар туралы ай сайынғы есеп;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.