Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы
(2016.27.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, 82-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі құрылсын.
2. Осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2016 жылғы ақпанның 3-і.
№ 188
ҚР Президентінің 2016.27.09. № 341 Жарлығымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 3 ақпандағы
№ 188 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің
ҚҰРАМЫ
мүшелері: