«Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 бұйрығы

«Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12613 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларында:

5-тармақтың 1), 2 және 3) - тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) борышкердің іздестірілуіне байланысты үш және одан көп ай берешек болған кезде алиментті өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша:

атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;

атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы әр тараптарға, хабарламаның жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттар қоса беріліп хабарлау;

зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер, есеп уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей;

жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары) есеп уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей;

борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою, Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес шағымдану мерзімі өткеннен кейін (жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.