Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығы
(2021.30.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 117-1-бабының 4-тармағына, 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы ділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.