Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 149 Қаулысы
(2015.17.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2014.16.07. № 139 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2014.16.07. № 139 Қаулысымен кіріспесі және 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері жүзеге асыратын сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. «Жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 97 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5421 тіркелген, 2008 жылғы 31 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 197 (1423) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлттық Банк Төрағасы |
Г. Марченко |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 28 маусымдағы
№ 149 қаулысымен
бекітілген
ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2014.16.07. № 139 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі
нұсқаулық