«Уәкілетті экономикалық операторлардың сауалнамасын, тізілімін және тізілімге енгізу туралы куәлігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 26 шілдедегі № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 234 бұйрығы (күші жойылды)

«Уәкілетті экономикалық операторлардың сауалнамасын, тізілімін және тізілімге енгізу туралы куәлігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 26 шілдедегі № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 234 бұйрығы

 

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 737 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 61-бабының 2-тармағына, 63-бабының 1-тармағына, 64-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Уәкілетті экономикалық операторлардың сауалнамасын, тізілімін және тізілімге енгізу туралы куәлігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 26 шілдедегі № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6383 болып енгізілген, 2010 жылғы 18 тамызда № 218 (26279)) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

атауы келесі мазмұнда жазылсын «Уәкілетті экономикалық операторлардың сауалнамасын, тізілімін және тізілімге енгізу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлікті алуға арналған сауалнамасының нысаны, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген уәкілетті экономикалық операторлар тізілімінің нысаны, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлігінің нысаны, осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.