«Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 316 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 421 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 316 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10888 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу - автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі - жол органы) автомобиль жолының көліктік-пайдалану жай-күйі туралы ақпаратты қамтитын жол дерекқорын (деректер банкін) қалыптастыру;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: