«Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 316 бұйрығы (2025.22.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 316 бұйрығы

(2025.22.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Көлік министрінің 2025.05.12. № 421 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 22 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):

1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрі міндетін атқарушының

2015 жылғы 26 наурыздағы

№ 316 бұйрығымен бекітілген

 

 

Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.