«Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 96 Қаулысына 44-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 149 Қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 29 мамырдағы

№ 96 қаулысына

44-қосымша

 

 

«Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

«Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін(бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушының атына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, банктің және (немесе) банк холдингінің еншiлес ұйымды құруына немесе сатып алуына рұқсат беру (бұдан әрі - рұқсат беру) туралы хатты және қызметті берушінің банктің және (немесе) банк холдингінің еншiлес ұйымды құруына немесе сатып алуына ресми рұқсатын не Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша рұқсат беруден бас тарту туралы дәлеледі жауапты жіберу.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.